Оралда колледждің 1-курс студенті жоғалып кетті

0
779

Қазіргі кезде полиция қызметкерлерінің бірнеше тобы, еріктілер және Ұлттық ұлан жауынгерлері Дарханды іздестіруде.


Оралда колледждің 1-курс студенті жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Оралда Батыс Қазақстан индустриалдық колледжінің 1 курс студенті Дархан Оралбаев жоғалып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол 20 қаңтар күні Еуразия даңғылы бойындағы дүкеннен шығып кеткеннен оралмаған.

Анасы, Орал қаласының 37 жастағы тұрғыны 2004 жылғы ұлының жоғалып кеткені жөнінде 28 қаңтар күні полицияға хабар берген.

Дархан Дәуренұлының бойы 160-165 см, орта бойлы, капюшоны бар қара күрте киген, шалбары мен бәтеңкесі де қара түсті.

Анасының сөзіне қарағанда, ұлы бұдан бұрын да бірнеше рет кетіп қалған, оның мекенжайын полиция тауып беріп отырған.

Қазіргі кезде полиция қызметкерлерінің бірнеше тобы, еріктілер және Ұлттық ұлан жауынгерлері Дарханды іздестіруде.

Жасөспірімнің қайда жүргені туралы білетіндер болса, 102, 92-18-04, 98-41-06, 8 775 717 11 19, 8 707 881 66 66 телефондарына хабарласуы сұралады.