​Оралда қос автокөлік соқтығысып, 6 адам жарақат алды

0
987

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автобус автокөлікпен соқтығысып, екі адам жарақат алған болатын.


​Оралда қос автокөлік соқтығысып, 6 адам жарақат алды

фото: gazeta-ar.ru

ERNUR.KZ. Оралда қос автокөлік соқтығысып, алты адам жарақат алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға кеше кешкісін Зачаган кентіндегі Е.Брусиловский көшесі бойында болған. «Шаран» мен жеңіл автокөлік түйісіп, жедел жәрдем сағат 20.43-те шақыртылды.

Оқиға орнында екі бригада жұмыс істеді. Алдын ала мәлімет бойынша 1997 жылғы екі жігіт жабық бас-ми жарақатын алған. Оның біреуі қалалық көпбейінді аурухананың хирургиялық, екіншісі жарақат бөліміне жатқызылды. 1969 және 1960 жылғы ер адамдар, 1997 және 1998 жылғы жігіттер амбулаторлық емдеуге жіберілді. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, мәліметтің кейін берілетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автобус автокөлікпен соқтығысып, екі адам жарақат алған болатын.