Оралда мәйітті төсегінің астында бір ай сақтаған қылмыскерге сот үкімі шықты

0
729

Қылмыскер жұмыс бөлмесінде мәйітпен бірге 27 күн бойы бірге жатқан.


Оралда мәйітті төсегінің астында бір ай сақтаған қылмыскерге сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Төсектің астында тығылып жатқан ер адамның мәйітін қылмыскердің әріптесі кездейсоқ көріп қалған, деп жазады Stan.kz.

58 жастағы Серікжан Әділов ЖШС "Ғимарат" компаниясында қарауыл болып істеген. Оған дейін ет бұзушы болыпты. Осы жылдың наурыз айында Әділов өз жұмыс бөлмесінде 38 жастағы Марат Черниязовпен бірге алкогольдік ішімдік ішкен. Дастархан басында екеуі бір-бірімен сөзге келіп қалады. Сол кезде Черниязов Әділовты құлақ шекесінен ұрып жібереді. Әділов те бөтелекелесін қатты ұрғаны соншалық, ол құлаған бойы орнынан тұра алмай қалған. Ары қарай Әділов Черниязовтың мәйітін төсегінің астына тығып қойған.

Қылмыскер жұмыс бөлмесінде мәйітпен бірге 27 күн бойы бірге жатқан. Бірақ оны кездейсоқ қарауылшының әріптесі көріп қалады. Сөйтіп полицияға хабар берген.

Қылмысы үшін Серікжан Әділовты сот он жылға бас бостандығынан айырды.