Оралда мектеп оқушысын ер адам ұрлап кетпек болған

0
919

Оқиға 16 қазан күні орын алған.


Оралда мектеп оқушысын ер адам ұрлап кетпек болған

ERNUR.KZ. Оралда мектеп оқушысын ер адам ұрлап кетпек болған, деп жазады ҚазАқпарат.

Қаладағы №44 мектеп-гимназиясының директоры Ақжарқын Темірханованың айтуынша, оқиға 16 қазан күні орын алды.

Осы білім ордасының 5-сынып оқушысы сабақ аяқталған соң сағат 17.30-да мектептен шығып, Д.Қонаев атындағы шағынауданда №27 үйге қарай кетіп бара жатқан.

Сол мезгілде қара киім киген бейтаныс ер адам артынан келіп, мойнынан ұстап, артқа қарай сүйреген. Қорыққан қыз бала қатты шыңғырып жіберген. Оның дауысын естіген әйел су құятын ыдысымен ер адамды соққылап, қызды құтқарып қалған. Бұл туралы кешкісін сағат 21.00-де қыздың анасы оқушының кураторына хабарлаған.

«17 қазан күні қыздың ата-анасы мектепке шақыртылып, болған жағдай анықталды. Мектеп әкімшілігі тарапынан анасы мен қызына психологиялық көмек көрсетілді. Оқиға жөнінде мектеп инспекторына да ескертілді. Сондай-ақ ата-анасы қызын сабақтан кейін өзі алып кететіні туралы қолхат жазды», деді А.Темірханова.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі кезде мән-жайдың анықталып жатқандығын жеткізді.