Оралда Porsche мінген театр директоры екі көлікпен соқтығысты

0
893

Апаттан екі адам зардап шеккен.


Оралда Porsche мінген театр директоры екі көлікпен соқтығысты

ERNUR.KZ. Оралда қазақ драма театрының директоры Қуаныш Амандықов Porsche Cayenne көлігімен екі автокөлікпен соқтығысқан. Ол журналистерге көлікті өзі тізгіндемегенін айтыпты, деп жазады Stan.kz.

Куәгерлердің айтуынша, «Порше» көлігі «Рено» және «Тойота» маркалы көліктерге соғылған. Екі жүргізуші де көлікті Амандықов тізгіндегенін айтып отыр.

Театр директоры оқиғаға байланысты пікір білдірді. Ол жол-көлік оқиғасын «кездейсоқтық» деп атап, нөсер жауын, жолдың нашар көрінуі мен тайғақтығы салдарынан тежегішті басып үлгермегенін айтты.

«Алаңдайтын ештеңе жоқ. Ешкім зардап шекпеді. Бір көлікті ақырын соғыппын», - дейді Амандықов.

Алайда облыстық денсаулық сақтау басқарама басшысы орынбасарының сөзінше, апаттан екі адам зардап шеккен. Алайда олар ауруханаға жатудан бас тартыпты.

Ал полициядағылар әзірге оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.