Оралда тұрғын үй қабырғасына сурет салып жатқан ерікті ажал құшты

0
1 218

Самат Шайдуллаұлы қаладағы танымал Uralsk Runners тобының еріктісі болған.


Оралда тұрғын үй қабырғасына сурет салып жатқан ерікті ажал құшты

ERNUR.KZ. Оралда 31 жастағы ерікті Самат Шайдуллаұлының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам тоғыз қабатты үйдің төбесіндегі электр тоғынан қайтыс болды, деп жазады Stan.kz.

Самат Шайдуллаұлы қаладағы танымал Uralsk Runners тобының еріктісі болған. Ол көп қабатты үйдің қабырғасында граффити салған суретшілерге көмек көрсетті. Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


«1 қыркүйекте шамамен сағат 23.00-де Қонаев ықшам ауданындағы тоғыз қабатты үйдің шатырында электр тоғынан ер адам қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеуді Орал полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізуде», - деп хабарлады полиция бөлімінен.


Тоғыз қабатты ғимараттың қабырғасындағы «Жүгіруші» суретін осындай мәселелерде тәжірибесі бар оралдық суретшілер сала бастады. Алайда оқиғаның жай-жапсары жарияланбады.