Оралда жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған

0
445

Оқиғаның себептері бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.


Оралда жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған

ERNUR.KZ. Оралда полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 15 жастағы қызды құтқарып қалды, деп жазады Tengrinews.kz.

102 арнасына кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы өтініш 12 мамыр кешке келіп түскен.

Департаменттің барлық жеке құрамы жасөспірімді іздеуге жұмылдырылды. Қыз бала таңертеңгі уақытта көп қабатты үйлердің бірінің төбесінде секіргелі тұрған жерінен табылды. Ювеналды полиция инспекторлары Рамазан Жадигеров пен Әділ Сахипкереев баланы уақытында райынан қайтарып, аман алып қалды.
Қазір жасөспіріммен психологтар жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.