Жатақханада өрт болып, 95 адам қауіпсіз жерге шығарылды

0
1 147

Жатақханадан 95 адам шығарылған, оның 25-і - балалар.


Жатақханада өрт болып, 95 адам қауіпсіз жерге шығарылды

ERNUR.KZ. Оралда жатақханадағы өрт кезінде 95 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Арайлым Ғанидың айтуынша, Х.Чурин көшесі 119-мекенжайында №89А бөлмедегі өрт жөнінде хабар 20 қараша күні сағат 19.40-та түскен. Оқиға орнына №2 өрт сөндіру бөлімінен 5 техникамен 12 адам шұғыл жеткен.

Бес қабатты жатақхананың бесінші қабатындағы бөлмеде теледидар өртеніп, жарылған. Өрт сөндірушілердің жедел қимылы нәтижесінде 1 адам құтқарылды. Жатақханадан 95 адам шығарылса, соның 25-і - балалар.

«Тілсіз жау» тез ауыздықталып, жалынның көрші бөлмеге таралуына жол берілген жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, өрт сөндірушілер сағат 19.56-да жедел жәрдем шақырған. Бригада 20.02-де жеткен.

Жеңіл түрде газбен уланған 1952 жылғы ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді.