Оралда жоғалып кеткен оқушы қыз бес күннен кейін аман-есен табылды

0
438

14 жастағы жасөспірім достарының үйінде болған.


Оралда жоғалып кеткен оқушы қыз бес күннен кейін аман-есен табылды

ERNUR.KZ. Орал қаласында жоғалып кеткен оқушы қыз бес күннен кейін аман-есен табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын жазғандай, 14 жастағы жасөспірім 10 ақпан күні шамамен сағат 22.00-де үйінен шығып кеткеннен кейін оралмаған еді.

Зарина Нығметова қаладағы №34 орта мектепте оқиды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, іздестіру іс-шаралары барысында қыз 15 ақпан күні сағат 18.00-де табылды.

«Ол Зачаган кенті Сарытау шағын ауданындағы достарының үйінде болған. Аман-сау», деп хабарлады ведомстводан.