Оралда жоғалып кеткен жас жігіттің денесі орманнан табылды

0
319

21 жастағы жігітке 24 желтоқсанда іздеу салынған болатын.


Оралда жоғалып кеткен жас жігіттің денесі орманнан табылды

ERNUR.KZ. Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті мәлім еткендей, марқұмның денесі 25 желтоқсанда сағат 10.30 шамасында Деркөл кентіндегі орманнан табылған.

«21 жастағы жігітке 24 желтоқсанда іздеу салынған болатын. Ол 21 желтоқсанда сағат 22.00 шамасында Деркөл кентіндегі үйінен шығыпкетіп, қайтып оралмаған. Жігіттің денесі сараптамаға жіберілді», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.