​Оралда жол апатынан үш жасөспірім зардап шекті

0
915

«ВАЗ-2114» көлігі қоршауға соғылған.


​Оралда жол апатынан үш жасөспірім зардап шекті

ERNUR.KZ. Орал қаласында жол апатынан үш жасөспірім жарақат алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға кеше сағат 22.00-лер шамасында Зачаган кентіндегі Жәңгір хан көшесі бойында орын алды. «ВАЗ-2114» көлігі қоршауға соғылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, қазіргі кезде 2002 және 2004 жылғы екі жасөспірім қалалық көпбейінді ауруханада. 2002 жылғы тағы бір жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жолданды. Үшеуінің де жағдайы ауыр емес.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.