Оралда зираттан жаңа туған сәбидің денесі табылды

0
1 654

Орал қаласына жақын маңдағы Деркөл елді мекеніндегі ескі бейіттің аумағынан жаңа туған сәбидің денесі табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.


Оралда зираттан жаңа туған сәбидің денесі табылды

фото: sputniknews.kz

Орал қаласына жақын маңдағы Деркөл елді мекеніндегі ескі бейіттің аумағынан жаңа туған сәбидің денесі табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Бейіттегі нәрестенің денесін оқушылар тауып алған, олар сол маңнан өтіп бара жатқан адамды көмекке шақырған. Орал тұрғыны Гиният Мәмбетовтың айтуынша, мәйіт шүберекке ораулы болған. Ол полиция шақырыпты.

Бала бейітке қашан апарылғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.