Оралдағы кәсіпкердің өлімі: інісі қыз зорлады деген айыпқа қатысты жауап берді

0
615

Әлеуметтік желіде тараған аудиожазбада сөйлеген әйел қаза тапқан адамның дәмханасында даяшы болып жұмыс істегенін, бизнесменнің үнемі өзіне тиісіп жүретінін, ал оның Бақытжан есімді інісі тіпті зорлағанын айтады.


Оралдағы кәсіпкердің өлімі: інісі қыз зорлады деген айыпқа қатысты жауап берді

ERNUR.KZ. Жуырда Оралда адам қолынан қаза тапқан Еркін Мұқанғалиевтің туған інісі әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады exk.kz.

Әлеуметтік желіде тараған аудиожазбада сөйлеген әйел қаза тапқан адамның дәмханасында даяшы болып жұмыс істегенін, бизнесменнің үнемі өзіне тиісіп жүретінін, ал оның Бақытжан есімді інісі тіпті зорлағанын айтады.

Әйелдің сөзіне сенсек, бұл мәліметті елге таратпау үшін оған ірі көлемде ақша ұсынған.

"Егер Еркінге көнбесек, ондай қыздар Бақытжанның алдына тап болатын. Мен зорлық көрген алтыншы қызбын. Менің жағдайым бойыша іс қозғалған соң Еркін маған 500 мың теңге немесе машинамды ал деді. Мен бас тарттым. Өйткені інісін жазалағым келді", —дейді анонимді жазба таратқан әйел.

Марқұм Еркін Мұқанғалиевтың шынымен Бақытжан есімді інісі бар екен. Алайд, олар туған ағайынды емес. Бұл туралы Еркіннің туыстары айтып берді. Алайда олар Бақытжанмен араласпайды.

"Бұрын Еркіннің қолында бөлесі жұмыс істейтін, бұл қыздың айтып отырғаны сол адам шығар. Оның қоластында неше түрлі туыстары жұмыс істеген. Сондықтан нақты кімді айтып отырғанын білмеймін. Бірақ бұл айыптауларды растай да алмаймын", дейді марқұмның туған бауыры Нұрлан.

Сондай-ақ аудиожазбада мекеме иесі қызметкерлердің құжаттарын алып алып, кейін жалақысын төлемей қуып жібереді деген айыптау бар.

"Мен даяшы болып жұмыс істедім. Олар даяшы қыздарды екі-үш ай жұмыс істетеді. Кейін құжаттарын алып алады. Сосын оларға жаныңды салып жұмыс істейсің. Ақырында, ақшаңды төлемей қуып жібереді. Руслан бұл жағдайға шыдамаған соң, Еркін оны жұмыстан қуды", дейді әйел адам.


Аймақтық Полиция департаменті анонимді аудиожазбаға қатысты қылмыстық іс аясында тергеу жүргізілетінін хабарлады.

Аудиожазбада айтылған бүкіл мәлімет толықтай тексеріледі. Қазір жүріп жатқан тергеу амалдары аясында бұл жазба расталған жоқ. Алайда қосымша тексеру жасалып, процессуалдық шешім қабылданады, деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Оралда екі жігіт кәсіпкер Еркін Мұқанғалиевты тападай-тал түсте өзінің дәмханасына пышақтап өлтірген болатын.