Оралдағы той: қонақтар жертөледе тығылып қалған

0
1 361

Тойға қатысушылардың бәрінен түсініктеме алынған.


Оралдағы той: қонақтар жертөледе тығылып қалған

ERNUR.KZ. Оралда мониторинг тобы үйлену тойын тоқтатты. Тексерушілер той банкет залының жертөлесінде өткенін анықтаған. Тойға қатысқандар жазаланады, деп жазады Tengrinews.kz.

Сонымен қатар, полиция мәліметінше, 102-ге "Қоржын" мейрамханасында той болып жатқаны туралы хабар түскен.

"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Ақпарат расталды. 20 адамға қатысты хаттама толтырылды. Олар процессуалдық шешім қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберіледі", - дедй БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Мониторинг тобының жетекшісі Мирхан Бердіғалиев Оралда сегіз мониторингтік топ тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Біз алтыншы шағын ауданда орналасқан "Қоржын" мейрамханасын тексердік. 10 сәуірде түстен кейін үйлену тойы өтті. Біз жергілікті полиция қызметкерлерін шақырдық. Бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу бұзылғаны тіркелді. Тойға қатысушылардың бәрінен түсініктеме алынды", - деді Мирхан Бердіғалиев.