Оралдан Алматыға ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

0
633

1963 жылы туған ер адам ауруханаға жатқызылды.


Оралдан Алматыға ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

ERNUR.KZ. Оралдан ұшқан FlyArystan ұшағы Алматыға 18 қараша күні сағат 06.15-те жетуі керек болған. Бірақ борт ішіндегі бір жолаушы өзін жайсыз сезінгендіктен, ұшақ шұғыл түрде Ақтөбеге қонды, деп жазады baq.kz.

Белгілі болғандай, Оралдан Алматыға бет алған ұшақ 18 қараша күні сағат 05.20-да Ақтөбе қаласындағы әуежайға қонған.

Ақтөбеге қонуының себебі – 1963 жылы туған ер адамның денсаулығы нашарлады. Ол Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды, – делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.