Оралдық автомобилистер 40 көліктен шырша құрастырды

0
1 079

Үскірік аязға қарамастан, ерекше шыршаны тамашалауға біршама адам жиналды.


Оралдық автомобилистер 40 көліктен шырша құрастырды

ERNUR.KZ. Оралда 40 автомобильден шырша құрастырылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Автомобиль иелері осылайша қалалықтарды Жаңа жылмен құттықтады. Оған «Official club BMW Ural'sk», «Уральские джиперы», «Cerato клуб Уральск», «Kio Rio клуб Уральск» және «Клуб автолюбителей» клубтарының өкілдері қатысқан.

«Біз оралдықтарды Жаңа жылмен ерекше құттықтағымыз келді. Шыршаны құрастыруға 40 машина және 50 адам жиналды. Бұған 40 минуттай уақыт жұмсадық», - дейді «Official club BMW Ural'sk» клубының мүшесі Руслан Жасауов.

Үскірік аязға қарамастан, ерекше шыршаны тамашалауға біршама адам жиналды. Оның видеосы әлеуметтік желіге жарияланды.