Оралман куәлігінің мерзімін ұзартатын заң қабылданды

0
2 846

Сенаттың салалық комитетінің хабарлауынша, заңда жұмыс орындарын құруға, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін реформалауға, электрондық бірыңғай еңбек биржасын түзуге қатысатын мемлекеттік органдардың қызметін заңмен бекіту қарастырылған.

Оралман куәлігінің мерзімін ұзартатын заң қабылданды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері бойынша заңға түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды деп хабарлайды azattyq.orgl Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін парламент сенатында құжатты таныстырған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жобада шетелден келетін этникалық қазақтарға берілетін оралман куәлігінің мерзімін ұзарту қарастырылғанын айтқан. Оның сөзінше, қолданыстағы заң бойынша оралман мәртебесі мен куәлігі бір жыл мерзімге беріледі. Оралман мәртебесін алған адам бір жыл ішінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан азаматтығын алуы тиіс болған.

"Оралман мәртебесінің мерзімі аяқталған этникалық қазақтардан көмек көрсетуді сұраған өтініш көп түседі. Депутаттар осыған байланысты Қазақстан азаматтығын алу үшін оралман мәртебесінің мерзімін ұзартатын өзгерістер енгізуді ұсынды" деген Әбілқасымова.

Енді заңға енгізілген өзгеріс бойынша, оралман куәлігінің мерзімі бір рет үш ай мерзімге дейін ұзартылады. Бірақ куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталғанына алты айдан асқан адамдарға бұл ереже қолданылмайды.