Орманшылар ағаштың кеселін тексеретін аппаратқа қол жеткізді

0
874

Резистограф деп аталатын қондырғы Біріккен Ұлттар ұйымының даму бағдарламасы жүзеге асырып жатқан жоба аясында алынған.


Орманшылар ағаштың кеселін тексеретін аппаратқа қол жеткізді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстандағы орманшыларға ағашты кеспей-ақ оның кеселін анықтайтын ерекше аппарат табысталды, деп жазады qazaqstan.tv.

Еліміз бойынша ең бірінші болып заманауи құралға Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Риддер қаласындағы филиалы қол жеткізді. Резистограф деп аталатын қондырғы Біріккен Ұлттар ұйымының даму бағдарламасы жүзеге асырып жатқан жоба аясында алынған.

"Шығыс Қазақстанда 3,7 миллион гектар орман қоры бар. Еліміздегі барлық ағаш қорының тең жартысы осы өңірге тиесілі. Сондықтан, табиғат қорғаушылар алдында ағаштарды заңсыз кесу, өрт және түрлі аурулардан сақтау бойынша үлкен жауапкершілік тұр. Жаңа қондырғы осы бағыттағы жұмыстың сапасын арттыра түспек", дейді мамандар.