​Орташа жалақы 159 мың теңгені құрады - ҰЭМ

0
1 081

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді


​Орташа жалақы 159 мың теңгені құрады - ҰЭМ

ERNUR.KZ. 2018 жылы қаңтар-қазанда елімізде орташа айлық жалақы 159,5 мың теңгеге дейін ұлағайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында 2018 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы туралы баяндамасында мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

«Еңбек нарығында жағдай тұрақты. 2018 жылдың басынан бері 468 мың адам жұмысқа орналастырылды. Қазанда жұмыссыздық деңгейі 4,8% дейін төмендеді. Жалақы қарқынды өсіп келеді. Осы жылы қаңтар мен қазан аралығында орташа айлық жалақы 159,5 мың теңгеге дейін ұлғайды. Нақты көріністе 2,2% өсті. Өңірлік бөліністе халықтың нақты ақшалай табыстары жөнінде осы жылдың қорытындылары бойынша ақпарат шыққаннан кейін баяндалатын болады», - деді Тимур Сүлейменов.

Еске сала кетейік, министр бұған дейін ЖІӨ-нің тұрақты екенін айтқан болатын. Сонымен қатар, экономикалық өсім бойынша артта қалған өңірлер саны артқанын айтты.