Қоштасу кеші үшін 100 мың теңге жинаған мектептің үстінен шағым түсті

0
2 270

Алматылық әйел №156 мектептегі қоштасу кешіне ақша жинағандардың үстінен шағымданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қоштасу кеші үшін 100 мың теңге  жинаған мектептің үстінен шағым түсті

иллюстрациялық фото: zakon.kz

Алматылық әйел №156 мектептегі қоштасу кешіне ақша жинағандардың үстінен шағымданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Балам мектеп бітіруде. Мектеппен қоштасу кеші, виньетка үшін мектептегілер 100 000 теңгеден жинап жатыр. Бұдан бөлек қосымша ақша жинап жатыр екен. Лимузинмен қыдырады екен, сағаты 16 000 теңге, Талғар тасжолындағы мейрамханаға да баратын көрінеді. Мұны маған ата-аналар жиналысында айтты. Қаржы жинауға қарсы шыққандарды үркітіп, қорқытып жатыр. Бұл № 156 мектеп, Алатау ауданы, "Өжет" ықшамауданында болып жатқан жағдай. Шара қабылдаңыздар, мұндай жөнсіздікті қашан қоямыз?", - деп шағымданды алматылық тұрғын қалалық білім басқармасының сайтында.