ОСК Тоқаевты президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді

0
503

Қазақстанда президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.


ОСК Тоқаевты президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді

ERNUR.KZ. 12 қазанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді, деп жазады zakon.kz.

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, ҚР сайлау туралы Конституциялық заңның 59-бабы, 5-тармағына сәйкес барлық құжат белгiленген мерзiмде алынған.

"Осылайша Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидатты тіркеуге қажет барлық рәсімдер сақталды", дейді Нұрлан Әбдіров.

Қазақстанда президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.

Қазақстанда 11 қазан күні сағат 18.00-де ел президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды. Өтініш берушілердің тізімімен мына жерден танысуға болады.