ОСК жаңа депутаттарға куәліктерін тапсырды

0
2 359

Олар жеті күн ішінде депутаттық қызметпен үйлеспейтін міндеттерін тоқтатуы керек


ОСК жаңа депутаттарға куәліктерін тапсырды

ERNUR.KZ. Бүгін Орталық Сайлау комиссиясы жетінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын ресми тіркеуден өткізіп, оларға куәлік пен омырауға тағатын белгілерін тапсырды. Шара БАҚ өкілдері үшін онлайн-форматта өтті. Үш партиядан сайланған депутаттар Орталық сайлау комиссиясына барды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ОСК төрағасы Берік Имашев күн тәртібінде бір ғана мәселе – жетінші шақырылған ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарын тіркеу қаралатынын айтты. ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасап, депутаттар ресми тіркеуден өту үшін қандай талаптарды орындағанын айтып берді.

«Сайлау туралы Конституциялық заңның 97/1-бабының 5-тармағына сәйкес, депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партиялардың басшылық органы сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап он күннен кешіктірмей айқындайды. «Ақ жол», Nur Otan және Қазақстан халық партиясы саяси партиялардың тиісті құжаттарын 12-13 қаңтарда ОСК-ға ұсынды. Сондай-ақ, Сайлау заңнамасы негізінде Нұр-Сұлтан қаласының аймақтық сайлау комиссиясы ОСК-на Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын мәжіліс депуаттатрын сайлау бойынша дуыстарды санау хаттамасын ұсынды.

Конституциялық заңның 98-бабына сәйкес, ОСК мәжіліс депутаттарын тіркейді. Сайлау туралы заңның 45-бабында «ОСК сайланған Парламент депуаттарын жеті күн мерзім ішінде олардан Конституция және республика заңдарына сәйкес, парламент депутаттарының мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін тіркейді» деп белгіленген. Аталған өтініштер алынды. ОСК әр депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгіліні береді. Осыған байланысты Сайлау туралы заңның 12, 45, 46 және 98-баптарына сәйкес, жетінші шақырылған ҚР Праламент Мәжілісі депутаттарын тіркеу туралы қаулының жобасы әзірленді. Аталған жоба комиссияның қарауына енгізіліп отыр. Қаулыны қолдауларыңызды сұраймын», - деді ол.

ОСК мүшелері дауыс бере келе, қаулыны қабылдап, төраға Берік Имашев жетінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаттарына қызметтік куәлік пен омырауға тағатын белгілерін тапсырды.