Өскемен орталығында көлік өртенді

0
437


Өскемен орталығында көлік өртенді

ERNUR.KZ. Өскеменнің орталығында көлік өртенді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, 3 мамырда 1987 жылғы Volkswagen Golf көлігі Назарбаев даңғылы бойында уақытша тұрақта тұрған кезде өртенген.

"Мамандандырылған отрядтың өрт сөндіру бөлімшелері екі шаршы метр алаңдағы өртті жойды. Өрттің алдын ала себебі - қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсызда жұмыс істеу, қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - деді ТЖД өкілдері.