Өскемен тұрғыны әйелін өзі үйінде босандырып алды

0
488

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 11 желтоқсан күні болған.


Өскемен тұрғыны әйелін өзі үйінде босандырып алды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында ер адам әйелін үйде өзі босандырып алды, деп жазады stan.kz.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 11 желтоқсан күні болған.

Жүктіліктің 37 аптасындағы әйел кенет толғата бастайды. Сол кезде күйеуі бірден жедел жәрдем шақыртқан. Алайда дәрігерлер келгенге дейін әйелде толғақ күрт басталып кетеді.

Медицина қызметкерлері келіп жеткенше диспетчер ер адамға телефон тұтқасын қойғызбай, не істеу керектігін түсіндіріп отырды.

"Диспетчер оған әйелін босандыру үшін кезең-кезеңімен нұсқаулықтар берді. Телефонды дыбыс күшейткішке қойған азамат әр айтқан әрекетті қайталап отырды. Көп ұзамай әйел аман-есен босанып, шақалақтың жылаған үні естілді", - делінген ақпаратта.

Содан соң диспетчер баланы анасының кеудесіне қоюға кеңес берген.

Сәлден кейін жедел жәрдем қызметкерлері де келіп жетті.