Өскемен тұрғыны техникалық қателік кесірінен нашақорлар тізіміне еніп кеткен

0
495

Қате түзетілмесе ол жұмысынан айырылуы мүмкін.


Өскемен тұрғыны техникалық қателік кесірінен нашақорлар тізіміне еніп кеткен

ERNUR.KZ. Өскемен тұрғыны техникалық қателік кесірінен есептегі нашақорлар тізімінен бірақ шыққан, деп жазады 24.kz.

Олег Борисовты тізімге 3 жыл бұрын қосып қойған екен. Нашақор екенін және Алматы психологиялық орталығында тіркеуде тұрғанын инженер-технолог, көлігін полицейлер тоқтатқанда білген.

Олегтің өзі ондай мекемеге ешқашан жолы түспегенін айтып, азар-безер болған. Жеке мәліметтің жалғандығын дәлелдеу үшін адам құқықтары жөніндегі аймақтық уәкілге жүгінген. Нәтижесінде құжаттағы жалған ақпарат түзетілді. Бірақ медициналық реестрде мәлімет өзгермеген. Қате түзетілмесе ол жұмысынан айырылуы мүмкін.

"Міндетті медициналық сақтандыру қорына, облыстық денсаулық сақтау басқармасына және мені тізімге қойған клиникаға шағым жолдап едім, «егер біздің жауабымызға қанағаттанбасаңыз, сотқа жүгіне аласыз»,- деген жауап келді", - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Олег Борисов.

"Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде денсаулық сақтау министрлігіне базадан қате ақпаратты өшіру туралы өтініш жасадық. Қателік түзелді. Енді ауру тарихы жазылған қателікті өшірту керек. Себебі, ол 75 жылға дейін сақталатын мәлімет", - дейді ШҚО бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл Серік Мизамбеков.