Өскеменде 7 баланың анасын зорламақ болған ер адам сотталды

0
762

Бұл оның алғашқы құрбаны емес.


Өскеменде 7 баланың анасын зорламақ болған ер адам сотталды

ERNUR.KZ. Өскеменде 46 жастағы әйелді зорлады деп айыпталған ер адам 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп жазады almaty.tv.

Сотталушыдан жапа шеккен тек бұл әйел ғана емес. Айыпталған азамат осыған дейін 7 баланың анасын қараңғы жерде ұстап алып, зорламақ болыпты. Абырой болғанда, көпбалалы ана азғыннан аман-есен құтылған.

Артынша, қылмыстық іс қозғалғанымен ер адам қамалмай, бостандықта жүрген еді. Бірақ өзіне де обал жоқ, тергеу аяқталмай жатып, тағы бір әйелді күштеп жыныстық қатынасқа итермелеген. Осы жайттан соң ғана полицейлерер оны қамауға алған.

«Жаппа шеккен 2 әйел де – ШҚО тұрғындары. Кінәліге 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды», дейді Өскемен қалалық №2 сотының судьясы Эльдар Мұқаев.