Өскеменде аспаннан күл жауды

0
1 213

Экология департаментінің қызметкерлері күлді зерханаға алып кетті


Өскеменде аспаннан күл жауды

ERNUR.KZ. Өскемендегі Питер коммунарлары көшесін күл басып қалды, деп жазады altaynews.kz.

Оның қайдан, қалай келгенін түсіне алмаған тұрғындар абыржулы. Адам денсаулығына қандай да бір зияны бар ма деген үрей басым көпшілікте. Аспаннан қапалақтаған ақ қылауларды әуелде қар деп ойлапты олар.

Тұрғындардың шағымы бойынша экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары күл басқан көшені келіп көрді.

Экология департаментінің қызметкерлері күлді зерханаға алып кетті. Сондай-ақ тұрғындардың шағымына сәйкес жақын маңдағы «Май» АҚ кәсіпорнына тексеру жүргізіледі, – деді экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.