Өскеменде автобус қаққан әйел көз жұмды

0
558

Өскеменде автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды. 1974 жылы туған әйел адам сол жерде көз жұмған.


Өскеменде автобус қаққан әйел көз жұмды

ERNUR.KZ. Оқиға 25 қараша күні сағат 9:00 шамасында болған. Қарбышев көшесінде кетіп бара жатқан № 33 автобус жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, 1974 жылы туған әйел жаяу жүргіншілер жолағын кесіп өтпек болған. Автобус әйелді алдыңғы жағымен соғып, оралған күйі артқы доңғалақтың астында қалған, - деді Өскемен полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Сергей Коваленко.

Айта кетейік, бүгін қала ішінде қар жауып, көлік қатынасына айтарлықтай қиындық туғызып жатыр. Бұл туралы тұрғындар желіде жарыса жазуда.