Өскеменде иесіз жатқан сөмке күдік туғызып, бүтін бір көше қоршалды

0
2 013

Өскеменде​ иесіз жатқан сөмкенің күдік туғызуына байланысты Ұлттық ұлан сарбаздары Красин көшесін қоршауға алды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Өскеменде иесіз жатқан сөмке күдік туғызып, бүтін бір көше қоршалды

Өскеменде иесіз жатқан сөмкенің күдік туғызуына байланысты Ұлттық ұлан сарбаздары Красин көшесін қоршауға алды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.

15 ақпанда қала тұрғындары әлеуметтік желіде Красин көшесінің жабылғаны туралы суреттермен бөлісе бастады. Тәртіп сақшылары ахуалды түсіндірген.

"Красин көшесі иесіз жатқан сөмкенің салдарынан жабылды. Оны осы учаскеде патрульде жүрген Ұлттық ұлан сарбаздары тапқан. Оқиғаның мән-жайы анықталғанша құқық қорғаушылар көшені қоршауға шешім қабылады", — деп хабарлайды қала әкімшілігі.

Кейінірек сөмкеде баланың киім-кешегі бар екені анықталды. Иесі кім екені әлі белгісіз. Кеше кешкісін көшедегі қоршау алынып тасталды.