​Өскеменде қазақтан шыққан тұңғыш әскери ұшқышқа ескерткіш орнатылады

0
1 017

Өскеменнің іргесіндегі Аблакет ықшам ауданында ұшқыштың атында үлкен көше бар. Ескерткіш сол көшенің басына, үлкен жартастың үстіндегі көрнекі орынға қойылмақшы.


​Өскеменде қазақтан шыққан тұңғыш әскери ұшқышқа ескерткіш орнатылады

ERNUR.KZ. Өскеменде қазақтан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш Жақыпбек Малдыбаевқа ескерткіш қойылады, деп жазады ҚазАқпарат.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек Түрсімбетовтің айтуынша, батыр ескерткішін орнату жұмыстары биыл жазда қолға алынбақ. Өскеменнің іргесіндегі Аблакет ықшам ауданында ұшқыштың атында үлкен көше бар. Ескерткіш сол көшенің басына, үлкен жартастың үстіндегі көрнекі орынға қойылмақ. Аталмыш көшенің бойына бұған дейін ұрпақтары сынтас орнатқан болатын. Ол ескерткіш жылдар бойы вандалдардың шабуылына ұшырап, бірнеше рет жөндеу көрген. Қала әкімі Жақсылық Омар аталмыш мәселені біржақты шешу үшін «Алтайдан ұшқан ақиыққа» арнап жаңа ескерткіш орнату туралы тапсырма берген.

«Ескерткіштің алғашқы эскизі дайын. Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары оның маңайын абаттандыру бойынша жоба дайындап жатыр. Маңайында көлік тоқтап, тағзым ететіндей алаңқай төселеді. Алдағы қалалық мәслихат сессиясында бюджетке тапсырыс беріледі» - дейді Әлібек Түрсімбетов.

Қазіргі таңда шаһардағы 26 көшемен бірге Ж. Малдыбаев атындағы көшеде де жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.