Өскеменде көпқабатты үйде өрт шығып, екі бала ауруханаға түсті

0
429

12-қабаттағы өрт кезінде ШҚО ТЖД қызметкерлері 9 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды.


Өскеменде көпқабатты үйде өрт шығып, екі бала ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. 18 мамыр күні таңертең Өскемен қаласының Славский атындағы жағалау көшесіндегі 12-қабаттағы пәтерден өрт шықты, деп жазады zakon.kz.

12-қабаттағы өрт кезінде ШҚО ТЖД қызметкерлері 9 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды.

Оқиға орнына жедел келген ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері 9 тұрғынды құтқарған, оның 4-уі бала. Сонымен қатар 12-қабат деңгейінде автосатыны орнатқаннан кейін өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кіріскен.


"Өртті жоюға жеке құрамның 35 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылды, өрттің жалпы аумағы 50 шаршы метр болды", - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, пәтер иесі үйден өрт шыққан кезде, өз бетімен сыртқа шыққан әрі көршілерінен көмек сұрап үлгереді, олар өрт сөндірушілерді шақырған.

Өрттің алдын ала себептері – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, отпен абайсызда жұмыс істеу.

"Апаттар медицинасы орталығы" мен Жедел жәрдем дәрігерлері тексеру жүргізген соң, жану өнімдерімен уланған белгілері бар көрші пәтердегі 2009 және 2014 жылы туған 2 қыз бала ауруханаға жатқызылды", - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖ Департаменті өрт қаупін азайту үшін тұрғындарға мынаның қауіпті екенін еске салады:

  • оқшаулаудың көрінетін бұзылулары бар электр сымдары мен кабельдерді пайдалану:
  • отпен жұмыс істегенде қырағылық таныту керек;
  • зақымдалған розеткаларды пайдаланбау;
  • үйде жасалған электр жылыту құралдарын қолданбау;
  • электр желісіне, оның ішінде күту режиміндегі электр аспаптарын қараусыз қалдырмау;
  • уақытша электр сымдарын, сондай-ақ электр құрылғыларын қуаттандыру үшін ұзартқыш сымдарды пайдаланбау қажет.

Есіңізде болсын! Қауіпсіздік ережелерін сақтау сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтауға, сондай-ақ мүлікті сақтауға көмектеседі. Өрт анықталған жағдайда бұл туралы "101" және "112"телефондары арқылы дереу хабарлаңыз.