Өскеменде Отырар қаласының 800 жылдығына орай көрме ашылады

0
2 481

Көрме облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болады.


Өскеменде Отырар қаласының 800 жылдығына орай көрме ашылады

ERNUR.KZ. Өскеменде Отырар қаласының 800 жылдығына орай көрме ұйымдастырылады, деп хабарлайды Алтайньюс.

Көрме ертең сағат 15:00-де облыстық тарихи-өлкетану мұражайында (Қасым Қайсенов көшесі, 40) болады.

Көрмеде ерте ортағасырға тән археологиялық, нумизматикалық, этнографиялық жәдігерлер, тарихи маңызды құжаттар және суреттер қойылады.

Сондай-ақ мұражай қызметкерлері сол шаһарда дүниеге келген әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби және қалаға шапқыншылық жорықтар жасаған моңғол әскерлері жайында әңгімелеп береді.

Көрме бір ай көлемінде жалғасатынын айта кетейік.