Өскеменде полиция басқармасының басшысы коронавирустан қайтыс болды

0
703

20 маусымда полицейдің коронавирусқа тапсырған сараптамасы оң нәтиже көрсеткен.


Өскеменде полиция басқармасының басшысы коронавирустан қайтыс болды

ERNUR.KZ. Өскемен қалалық полиция басқармасының басшысы Даур Ибраев коронавирустан қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.


20 маусымда полицейдің коронавирусқа тапсырған сараптамасы оң нәтиже көрсеткен. Алайда одан кейін денсаулығы нашарлай түскен.
Полиция полковнигі Даур Ибраев - Семей қаласының тумасы, кадр офицері, 2000 жылдан бастап ведомстволық ЖОО-ны бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысы полициясының жедел-тергеу бөлімшелері лауазымдарында жұмыс істеді. Бородулиха және Шемонаиха аудандарының ішкі істер бөлімдерінде басшылық етті. 2016 жылдан бастап Өскемен қаласы полиция басқармасының басшысы қызметіне келген.

"Қызмет барысында өзін тәртіпті және сауатты офицер ретінде көрсетіп, құқықбұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге елеулі үлес қосты.
ШҚО полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, Ішкі істер органдары мен ШҚО Ұлттық гвардиясының ардагерлер кеңесі полицейдің туыстары мен жақындарына өңіл айтады", - делінген хабарламада.