Өскеменде су шашатын трамвай пайда болды

0
1 150

Бұл трамвай күніне бес сағат жолға шығады


Өскеменде су шашатын трамвай пайда болды

ERNUR.KZ. «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС су шашып, жолдың шаңын басатын трамвайды шығарды, деп жазады altaynews.kz.

"Жолға су шашатын трамвай соңғы бес жылда мүлде тоқтаған еді. Бүгінде ол қайта жөнделді. Бұл трамвай күніне бес сағат жолға шығады" – деді қалалық әкімдіктің баспсөз хатшысы.

Айта кету керек, бұрындары бұл трамвай түнде ғана жұмыс істеген-ді.