Өскеменде жас жігіт жаяу жүргіншілер көпірінен секірмек болды

0
578

Жігітті мән-жайды анықтау үшін ішкі істер органдарына жіберді.


Өскеменде жас жігіт жаяу жүргіншілер көпірінен секірмек болды

ERNUR.KZ. Өскеменде 23 жастағы жас жігіт жаяу жүргіншілер көпіріне шығып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, оның өмірін сақтап қалды, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 29 шілдеден 30 шілдеге қараған түні Спорт сарайының маңында болған. Оқиға орнына жедел жеткен ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары көпірге шығып, жігітке жетіп, онымен әңгімелескен.

“Адекватсыз күйдегі жігіт секіремін деп айқайлаған. Осы аралықта төтенше жағдайлар қызметі жігіттің көңілі ауған кезде оны ұстап алып, кейін сақтандыруға арналған құтқару құралдарын кигізді”, – деді Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде жас жігітті баспалдақпен түсіріп алып кетті.

Операцияға оқиға орнын қоршауға алып, құтқару арқанын ұстауға көмектескен полиция қызметкерлері қатысты.

Жігітті мән-жайды анықтау үшін ішкі істер органдарына жіберді.