Өскеменде жігіті үшін тамырын кеспек болған қыз құтқарылды

0
752

Қызды Ұлттық ұлан қызметкерлері байқап қалған.


Өскеменде жігіті үшін тамырын кеспек болған қыз құтқарылды

ERNUR.KZ. Өскеменде қыз жігітімен айырылысқан соң тамырын кеспек болған, деп жазады tengrinews.kz.

Қызды Ұлттық ұлан қызметкерлері Гагарин гүлзарында балалар ойнайтын алаңның манынан байқаған. Бұл оқиға 29 желтоқсанда болған. Ұлттық ұлан қызметкері Табыс Қайсар әріптесі Ермек Уәлиевті шақырған.

Екеуі зардап шеккен қызға көмек көрсеткен - қанды тоқтатып, жедел жәрдем шақырып, сол аумақты қоршауға алған. Басылымның мәліметінше, қыз ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта "Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.