Өскеменде жол апатында полиция қызметкері көз жұмды (фото)

0
1 207

Toyota автокөлігінде полиция басқармасының үш қызметкері отырған


Өскеменде жол апатында полиция қызметкері көз жұмды (фото)

ERNUR.KZ. Жол апаты 18 қараша күні кешкі уақытта Базовая көшесінде болды. Салдарынан Өскемен қалалық полиция басқармасының қызметкері көз жұмған екен, деп жазады altaynews.kz.

18 қарашада сағат 21.00 шамасында Базовая көшесінің бойында үш жеңіл автокөлік соқтығысты. Оқиға былай өрбіген екен. Сол күні қар жауып тұрған. Toyota Carina автокөлігінің жүргізушісі жолдағы ахуалды ескермей, басып озуға әрекет жасайды. Қарама-қарсы бағыттағы Lexus автокөлігімен бетпе-бет соғылып, қатар келе жатқан «Nissan» маркалы автокөлігін жанап өткен.

Анықталғандай, Toyota автокөлігінде полиция басқармасының үш қызметкері отырған.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатының салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі ж2не Toyota көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы жарақат алып, аурухунаға жатқызылған. Ал Toyota-да отырған тағы бір жолашуы оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның жасы 38-де екені белгілі болып отыр.

Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.