Өскеменде жолдың рұқсат етілмеген жерінен өткен оқушыны көлік қағып кетті

0
301

​Жол-көлік оқиғасы Мирный кентінде болған.


Өскеменде жолдың рұқсат етілмеген жерінен өткен оқушыны көлік қағып кетті

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен оқушыны көлік қағып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 31 мамыр күні Өскемен іргесіндегі Мирный кентінде болған.

Мостовой көшесінде келе жатқан оқушы жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатты. Сол кезде Nissan Camino көлігінің 28 жастағы жүргізушісі тоқтап үлгере алмай қалып, баланы қағып кеткен.

«Жарақат алған 11 жасар бала ауруханаға жеткізілді. Ол сол маңайда жаяу жүргіншілер жолағы бола тұра, жолды тыйым салынған жерден өткен. Зардап шегушінің ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, полицейлер ата-аналарға балаларына жол ережесін түсіндіру керектігін ескертті. Әсіресе, жазғы демалыс кезінде барынша абай болу керек.