Өскемендегі кәсіпорынға қызғылт түтін үшін 4,5 млн теңге айыппұл салынды

0
727

Жаңа жыл қарсаңында комбинаттан будақтаған қызыл түтінді тұрғындар видеоға түсіріп әлуметтік желіге жүктеген.


Өскемендегі кәсіпорынға қызғылт түтін үшін 4,5 млн теңге айыппұл салынды

Өскемендегі титан-магний комбинатынан шыққан қою қызыл түтіннен экологияға орасан зиян келгені анықталды. Алайда қоршаған ортаға қауіп төндірген кәсіпорынға небәрі төрт жарым миллион теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Жаңа жыл қарсаңында комбинаттан будақтаған қызыл түтінді тұрғындар видеоға түсіріп әлуметтік желіге жүктеген. Мұны көрген экология департаменті ауаны ластау дерегімен тексеріс жүргізді.

Мамандар алған сынама нәтижесінде көміртегі оксиді тоғыз есе, ал хлор ластаушы заты қалыпты деңгейден екі есеге көп бөлінгенін анықтаған. Қою қызыл түсті түтін комбинаттың арнайы құрылғыларын тазалау кезінде бөлініпті.

"Қазіргі күні мекеме айыппұлды толық төледі. Сонымен қатар келешекте қателік болдырмау мақсатында сәйкесінше нұсқамалар берілді. Бұл нұсқаманы тексеретін боламыз", - дейді Рауан Тұраров, ШҚО бойынша бас мемлекеттік экология инспекторы.