​Өскемендегі май зауытынан өрт шықты

0
1 695

Өскемен қаласында күнбағыс майын өндіретін зауыт өртенді


​Өскемендегі май зауытынан өрт шықты

иллюстрациялық сурет:emer.gov.kz

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында күнбағыс майын өндіретін зауыт өртенді, деп жазады ҚазАқпарат төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«25 желтоқсан күні сағат 08:27-де өрт сөндіру қызметіне Өскемен қаласында күнбағыс майын шығаратын «Өскемен май экстракциялау кешені» ЖШС-тан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Ғимараттарды жылытуға арналған майдың өртенгені анықталды. Жалын ғимараттың жабындысына тарап, 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 09:27-де ауыздықталып, 10:27-де толық сөндірілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ» делінген хабарламада.

Өндіріс процесі тоқтатылды. Тілсіз жаумен күресуге Шығыс Қазақстан ТЖД жеке құрамының 34 адамы мен 10 техника жұмылдырылған.