Өскеменнің атауы өзгеріп кетті: Әкімдіктегілер түсіндірді

0
698

Өскемен қаласының аты латын әліпбиінде жазылған.


Өскеменнің атауы өзгеріп кетті: Әкімдіктегілер түсіндірді

ERNUR.KZ. Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қаланың "атын өзгертуге" қатысты жанжалға пікір білдірді, деп жазады Stan.kz.

"Өскемен" сөзіндегі С әріпі қалай жоғалып кеткен деген сұраққа департаменттің баспасөз хатшысы Владимир Землянский жауап берді.

"Қазір қалаға кіре берісте атауларды орнату жұмыстары жүріп жатыр. Бұл фото барлық әріптер толығымен орнатылмай тұрып түсірілген. Қазір әріптердің барлығы дұрыс орнатылған", - деді Владимир Землянский.

Өкінішке орай, Владимир Землянский құрылымды орнатып жатқан мердігердің есімін есіне алмады.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын пайда болған латын әліпбиіндегі қала аты жазылған жақында орнатылған құрылымда бір әріп болмағаны хабарланған болатын.