Өскеменнің аялдамаларында ақша ілініп тұрады (видео)

0
1 097

Ерекше бастаманы жас блогерлер қолға алған.


Өскеменнің аялдамаларында ақша ілініп тұрады (видео)

ERNUR.KZ. Өскеменнің жас блогерлері аялдамалардағы жарнама қағаздарының орынына темір ақшаларды іліп жүр. Айтуларынша, тиын-тебені жетпей қалып жатқан жолаушыларға осылайша көмек көрсеткілері келеді, деп жазады Алтайньюс.

Ерекше бастаманы қолға алған – Евгений Щетников пен Арман есімді жігіт.

Адам өмірінде түрлі жағдай болуы мүмкін дейтін қос блогер, «Жолға тиының жетпей тұр ма, онда ала ғой» деген жазуы бар қағаз бен темір теңгелерді аялдамаларға жапсырған.

Белсенді жастардың бұл қылығын әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылауда. Көпшілігі ризашылықтарын жеткізіп жатыр.