Қостанайда сауда орталығынан өрт шықты, 1 адам зардап шекті

0
1 366

Облыстық ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін, таңғы сағат 6.00-де шыққан. Сауда орталығының төменгі қабатында орналасқан дәріханадағы компьютердің жүйелік блогы өртенген. "Өрттің аумағы - 3 шаршы метр.


Қостанайда сауда орталығынан өрт шықты, 1 адам зардап шекті

фото: m.tamasha10.kz

Бүгін, 6 сәуірде MART ойын-сауық орталығынан өрт шықты. Бұл туралы Қостанай облысындағы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің баспасөз қызметі мен апаттан құтқару жұмыстарының қызметкерлері растады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Alau.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін, таңғы сағат 6.00-де шыққан. Сауда орталығының төменгі қабатында орналасқан дәріханадағы компьютердің жүйелік блогы өртенген. "Өрттің аумағы - 3 шаршы метр. Өрт өрт сөндіру бөлімшесі қызметкерлері келгенге дейін сөндірілді", - деп хабарлады Өрт сөндіру қызметінің баспасөз қызметі. Қостанай қалалық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов сауда орталығындағы күзетшілердің бірі күйік алғанын хабарлады. "Біздің ауруханаға орталықтың күзетшісі келді. Қолының буындары күйіп қалған, 1,2 деңгейдегі күйік. Оған медициналық көмек көрсетілді. Амбулаторлық ем алуға жіберілді", - деді Марал Әбілқасымов.