​Отандық полицейлердің жаңа "киім үлгісі" көптің сынына ұшырады

0
3 711

Көпшілік тәртіп сақшыларының қызметтік киімін сотталған қылмыскерлер түрмеде киетін формасына ұқсатып жатты.


​Отандық полицейлердің жаңа

ERNUR.KZ. 21 қазан күні желіге қазақстандық полицейлердің жаңа киім үлгісінің суреттері тарап кетті. Көпшілік тәртіп сақшыларының қызметтік киімін сотталған қылмыскерлер түрмеде киетін формасына ұқсатып жатты, деп жазады NUR.KZ.

Желі оқырмандары "POLITSIIA" жазбасы бар арнайы формадағы полицейлер суретінің жанына абақтыға қамалғандарды қойып, олардың киім үлгісі өзара ұқсас екенін айтты.

NUR.KZ тілшісі ІІМ-нің баспасөз хатшысына хабарласып, тарап кеткен суреттердің растығына көз жеткізу үшін тәртіп сақшыларының жаңа формасы қандай екенін сұрады.

Алмас Садубаев полицейлердің бүгінгі күндегі киім үлгісі заманауи емес екенін ескере кетіп, оның ыңғайлылығы мен сапалылығына күмән білдірді.

Анықталғандай, тәртіп сақшыларының жаңа формасы ІІМ-нің жаңғырту бағдарламасы бойынша енгізілетін болады.

"Қазіргі уақытта, біз түрлі отандық өндірушілердің ұсыныстарын қарастырып жатырмыз. Ал желіге тараған фотоларға қатысты ештеңе айта алмаймын. Өйткені олардың рас-өтірігі әлі тексерілген жоқ" , - деді баспасөз хатшысы.