Отанға оралған қандастар жаңа облыстарға қоныстануы мүмкін

0
365

Бүгінде отанға оралған қандастар еліміздің 7 облысына қоныстанады.


Отанға оралған қандастар жаңа облыстарға қоныстануы мүмкін

ERNUR.KZ. Елге оралған қандастар енді жаңа облыстарға қоныстануы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастарды Абай және Ұлытау облыстарына қоныстандыру бойынша қаулыны ашық талқыға шығарды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қаулының мақсаты – қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыратын өңірлер қатарына жаңа құрылған Абай және Ұлытау облыстарын қосу. Құжат қабылданса, бұл үрдіс мемлекеттің демографиялық жағдайына оң әсер етеді», - делінген құжатта.

Жауапты министрлік мәліметіне сәйкес, бүгінде отанға оралған қандастар еліміздің 7 облысына қоныстанады. Ал ұсынылып отырған қаулыда бұл тізімнен Атырау облысы алынып тасталады. Оның орнына екі жаңа облыс қосылып, жалпы саны 8 өңір қандастарды қабылдайды.