Өтірік айтпаңыз, Балиева ханым, тәуелсіз сараптама жасату заңға қайшы емес - заңгер

0
2 002

​Танымал адвокат Жанна Уразбахова өзінің facebook парақшасында Алматыда тәуелсіз сараптама жүргізу заңға қайшы емес екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды matritca.kz.


Өтірік айтпаңыз, Балиева ханым, тәуелсіз сараптама жасату заңға қайшы емес - заңгер

фото: matritca.kz

Танымал адвокат Жанна Уразбахова өзінің facebook парақшасында Алматыда тәуелсіз сараптама жүргізу заңға қайшы емес екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды matritca.kz.

"Егер сіз ҚР Қылмыстық-процестік кодексін және сараптама тағайындау тәртібін білмесеңіз, ең болмаса өтірік айтпасаңызшы. Біздегі ересек азаматтардың 70 пайызының жоғары білім бар, соны ұмытпау керек.

Сондықтан ең алдымен ҚР Қылмыстық процестік кодексін оқып алайық. Кодекстің 122 бабының 3-бөлімінде былай деп көрсетілген:

"Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруге немесе сот талқылауына қатысуға жіберілген қорғаушы, жәбірленушінің өкілі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу туралы тәртіпті сақтай отырып, жәбірленушіні қорғауды, оның мүдделерін білдіруді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді:

1) заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден анықтамаларды, мінездемелерді, өзге де құжаттарды талап етіп алуға құқылы. Көрсетілген тұлғалар қорғаушыға, жәбірленушінің өкіліне олар сұратқан құжаттарды немесе олардың расталған көшірмелерін он тәулік ішінде беруге міндетті.

Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселені қарау кезінде талап етіп алдырылатын анықтамалар, мінездемелер және өзге де құжаттар қорғаушыға жиырма төрт сағат ішінде ұсынылады;

2) осы Кодекстің 272-бабының бесінші, тоғызыншы және оныншы бөліктеріне сәйкес шарттық негізде сот сараптамасын жүргізуге бастамашылық жасау;

3) сараптама мекемесіне шарттық негізде тиісті сараптама жүргізу туралы сұрау салу жолдау;

4) шарттық негізде маман тарту", - деп жазды Жанна Уразбахова.

Кеше Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың "зорлық көруі" мәселесі бойынша Шымкентке келіп жеткен омбудсмен Зағипа Балиева Алматыда жүргізілетін сараптама заңсыз екенін айтқан болатын.

"Менің ойымша, жергілікті билік дұрыс істеді. Өйткені Алматыға апарып, ол жерде сараптама жасату заңсыз болар еді" деген болатын кеше омбудсмен.