Өткен тәулікте пневмониядан 4 адам қайтыс болды

0
832

Тамыз айынан бері 462 адам қайтыс болды.


Өткен тәулікте пневмониядан 4 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 137 адамнан анықталып, 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ осы дерттен 65 адам жазылып шықты.

Биылғы жылдың тамыз айынан бері коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 43635 адамды құрап отыр. Олардың ішінде 462 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны – 31282.