​Өткен жылы Астанада 5 мың кәріз құдығының қақпағы ұрланған

0
1 126

Құдық қақпағына сұраныс болмаса, ұрлық жасаудың саны бұлай артпас еді.


​Өткен жылы Астанада 5 мың кәріз құдығының қақпағы ұрланған

ERNUR.KZ. Шаһар басшысы Б.Сұлтанов қала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мәліметтермен бөлісті, деп жазады Елорда Инфо.

«Өткен жылы iKomek-тің көмегімен 5 мың кәріз құдығының қақпағы ұрланғаны анықталды. Ол ұрланған қақпақтарды бөтен адамдар емес өзіміздің тұрғындар сатып алады. Құдық қақпағына сұраныс болмаса, ұрлық жасаудың саны бұлай артпас еді. Ұрлықтан бөлек, бұл қала тұрғындардың қауіпсіздігіне зиянын тигізуде.Ұрлықтың алдын алу мақсатында коммуналдық кәсіпорындар мен тәртіп сақшылары қалада үнемі рейд жүргізеді. Осы тұрғыда орын алған оқиғаны дереу құлағдар ететін белсенді тұрғындарға алғыс айтқым келеді», - дейді әкім.

Әкімнің айтуынша, бүгінгі күні қала бойынша 6 мың бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Соның нәтижесінде ұрлау жасаушыларды ізін суытпай қолды қылу мүмкіндігі бар.

«Сондай-ақ қазіргі күні «Сергек» бейнебақылауының арқасында жол оқыс оқиғаларының саны 2 есеге азайып отыр», - деді ол.

Одан бөлек, әкім биыл қаладағы барлық білім беру мекемелерінде бейнебақылау орнатылатынын айтып өтті.

«Балалардың қауіпсіздігі басты міндетіміздің бірі. Үстіміздегі жылдың соңына дейін біз оқу орындарын, оның ішінде, асханаларды 100% бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ететін боламыз», - деді Б.Сұлтанов.