Өз ауласы әдемі болу үшін көршісінің қақпасын ұрлады

0
1 624

Күдікті ұсталып, мекенжайын ауыстырумау туралы міндеттемеге сәйкес босатылды.


Өз ауласы әдемі болу үшін көршісінің қақпасын ұрлады

ERNUR.KZ. Алматы облысында ауыл тұрғыны ауласының әдемі болғанын қалағандықтан, ауылдасының қақпасын ұрлап кеткен. Сондай-ақ, қақпаның иесі сол ауыл басшыларының бірі екені де және өзімен бір көшеде тұратыны да оны тоқтатпаған, деп жазады Zakon.kz.

«Кербұлақ ауданының полициясына ауылдардың бірінде темір қақпаның жоғалғаны туралы хабар түсті. Аталған ауылдың учаскелік полиция инспекторы жүргізген іс-шаралар барысында күдікті ретінде 38 жастағы сол ауылдың тұрғыны анықталды. Айғақзат тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды», - деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «ерекше» қылмыс жасаған ауыл тұрғынына қатысты еліміздің қылмыстық заңнамасына сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті мекенжайын ауыстырумау туралы міндеттемеге сәйкес босатылды.