Өзбекстандық шекарада 148 дана киік мүйізімен ұсталды

0
1 053

Контрабанданың жалпы құны 196 950 000 теңге деп есептелінді.


Өзбекстандық шекарада 148 дана киік мүйізімен ұсталды

RNUR.KZ. Өзбекстан азаматы Қазақстаннан 148 дана киік мүйізін алып өтпек болған, деп жазады baq.kz.

«Орал шекара отрядының «Сырым-авто» бөлімшесінде шекарашылар Ресейге ірі көлемде контрабандалық жүк өткізбек болған 49 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Ұсталған азамат «Орал – Самара» бағытындағы жолаушылар автобусымен үлкен шамаданда 148 дана, жаңадан кесілген киік мүйіздерін алып өтпек болыпты. Контрабанданың жалпы құны 196 950 000 теңге деп есептелінді» - делінген хабарламада.